26 қараша 2014 10:32

Карл Фроч Головкинмен жұдырықтасуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карл Фроч. Фото vesti.kz сайтынан алынған Карл Фроч. Фото vesti.kz сайтынан алынған

WBA мен IBF тұжырымдары бойынша екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы - ұлыбританиялық Карл Фроч (33-2, 24 КО) Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Сонымен қатар ол отандасы Джеймс Дигейлға (20-1, 14 КО) қарсы міндетті қорғануды қолға алмайтынын айтты, себебі бұл жекпе-жектің коммерциялық пайдасы шамалы.

"Бокс - ол бизнес. Мен Дигейлмен де, Головкинмен де, кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Мен ең мықты дегендермен кездесіп - оны дәлелдедім. Бүкіл карьерамда осы бетімнен қайтпадым және Дигейлмен кездесуді де проблема деп қарамаймын. Бірақ бокс - ол бизнес, сондықтан коммерциялық мүддесі болмаса, жекпе-жек өтпейді. Дигейлмен кездесуден коммерциялық табыс жоқ, демек жекпе-жек өтпейді. Егер ол тағы бірнеше рет жеңіске жетіп, жұртшылықтың назарына іліге бастаса, сонда ғана үлкен кездесу ұйымдастыруға болады", - деді ол.

Карл Фроч - ағылшынның екінші орта салмақ дәрежесіндегі кәсіпқой боксшысы. 2001 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы. 
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети