"Кәсіпқой рингтегі ең мықты жекпе-жегі". Маман Елеусіновтің жұдырықтасуына баға берді

27 Қараша 2018, 17:04
0
"Кәсіпқой рингтегі ең мықты жекпе-жегі". Маман Елеусіновтің жұдырықтасуына баға берді - © Sky Sports
© Sky Sports

Ұлыританиялық boxingnewsonline.net порталының редакторы Ли Кормли Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) никарагуалық Маркос Мохико (16-3-2, 12 КО) арасында өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

Айта кетейік, Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін Монакода өткізіп, үшінші раундта жеңіске жеткен еді. Кездесу барысында ол қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірген. Нәтижесінде қазақстандық боксшының қарсыласына техникалық нокаут жазылды. 

Осы жеңісінен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 234-орыннан 184-орынға көтерілді. Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн DAZN компаниясымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшарт жасасты. Оның шарты бойынша промоутерлік компания жылына 32 бокс кешін ұйымдастыруы керек. 

"Елеусінов ерекше бір әсерлі әдістер қолданбайды, алайда бастапқыда мұның керегі де жоқ. Хирн қауіптенгендіктен, ол барынша шабуыл жасамайды. Эдди бұл жұлдызын бағалайды және қауіпке тіккісі келмейді. Соңғы жекпе-жек Елеусіновтің біраз өскенін көрсетті. Ол айтарлықтай сенімділікпен жеңді, қысылу мен қобалжу дегенді байқамадым. Бұл оның кәсіпқой рингтегі ең мықты жекпе-жегі. Біртіндеп оны жоғары деңгейге көтереді де, бірнеше жылдан кейін ол жұлдызға айналады деген ойдамын", - дейді Кормли.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай