11 желтоқсан 2017 09:19

Қазақ әншісі кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ әншісі Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. "Көк тудың желбірегені" деген әнімен танымал әнші алғашқы жекпе-жегін Мәскеуде өткізді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.


Қазақ әншісі Ибрагим Ескендір кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастады. "Көк тудың желбірегені" деген әнімен танымал әнші алғашқы жекпе-жегін Мәскеуде өткізді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Boxing & Gym Academy алаңында өткен бокс кешінде Ибргаим Ескендір MMA-дан әлем чемпионы қырғыз боксшысы Шерғазы Шақтановты екінші раундта нокаутпен жеңді. Орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған еді.

Әнші кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңісін Қазақстанның тәуелсіздік күніне арнады.

Айта кетейік, Ибрагим Ескендір танымал әнші әрі музыкант. Бірнеше жыл бұрын спортпен де шұғылданған. Бокстан спорт шеберлігіне үміткер болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети