23 желтоқсан 2019 11:49

Қазақ боксшысы 73 жекпе-жекке шыққан ресейлікті нокаутқа түсірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фредди Роуч пен Ержан Ордабаев. Сурет: vk.com Фредди Роуч пен Ержан Ордабаев. Сурет: vk.com

Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой бокста екінші рет жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Ержан Ордабаев кәсіпқой бокста екінші рет жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ордабаев карьерасындағы екінші жекпе-жегін Ресейдің Каневская станицасында болған "Гладиатор - 5" бокс кешінде өткізді. Қазақстандық боксшы ресейлік Александр Салтыковпен жұдырықтасты, оның жекпе-жекке дейінгі рекорды 12-58-3 (7 КО) болған.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек алты раундқа есептелген болатын, алайда екінші раундта қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтап отыр.

Ордабаев кәсіпқой бокста алғаш рет қыркүйекте Мәскеуде шығып, беларусьтік Антон Бекишті (5-21-1, 4 КО) екі рет нокдаунға түсіріп, берілуге мәжбүр еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети