20 тамыз 2017 | 11:57

"Қазақ жауынгері" Қытайда өткен титулға талас жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақ жауынгері" Елхат Ниғметоллы кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақ жауынгері" Елхат Ниғметоллы кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ВКонтакте желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобының мәліметінше, Қытайдың Цзинань қаласында өткен бокс кеші аясында WBO тұжырымы бойынша ең жеңіл салмақтағы Азия чемпионы белбеуі үшін жекпе-жекте Елхат Ниғметоллы таиландтық боксшы Кайонсак Потангті екінші раундта нокаутқа түсірді. 

Елхат Ниғметоллы мансап жолында 11 кездесу өткізіп, оның екеуінде нокаутпен жеңіске жеткен. Ал 35 жастағы Кайонсак Потанг 25 рет жеңіске жетіп (17-сі нокаутпен), 17 рет жеңіліп көрген (14-і мерзімінен бұрын).

Айта кетейік, "Қазақ жауынгері" атты лақап атпен өнер көрсетіп жүрген Елхат Ниғметоллы Қанат Исламның жерлесі болып келеді. Екі спортшы да Қытайдың Синьцзян провинциясы Іле-Қазақ автономды округіндегі Алтайда дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети