06 шілде 2018 14:45

Қазақстан әлемге талай Шүменов пен Головкиндерді сыйлайды - WBA вице-президенті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Шүменовтың Instagram желісінен Сурет Шүменовтың Instagram желісінен

Астанада Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) дероктаратының жиналысы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Астанада Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) дероктаратының жиналысы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, 7 шілде Астанада қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық Хизни Алтункая осы ұйымның алғашқы ауыр салмақтағы чемпиондығы үшін жұдырықтасады. Қазақстандық шаршы алаңға шығу туралы шешім қабылдағанда, ұйым оған алғашқы жекпе-жекте-ақ тастап кеткен белбеу үшін жұдырықтасуды ұсынды.

WBA вице-президенті Хосе Оливер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ұйымның неге Шүменовке қолдау білдіргенін айтты және оның кәсіпқой рингтегі мүмкіндіктеріне баға берді.

"Алдымен Қазақстанға келгеніме қуанышты екенімді айтқым келеді. Иә, Бейбіт ұйымның алғашқы ауыр салмақтағы белбеуі үшін жұдырықтасады. Себебі Бейбіт белбеуді жекпе-жектен жеңіліп берген жоқ. Соныдқатан біз оған чемпиондығын қайтаруға мүмкіндік беріп отырмыз. Жақсы жекпе-жек және Бейбіттің үлкен боксқа оралуын күтеміз. Қазақстанмен байланысымыз тығыз, мұнда WBA делегациясын ала келдік. Болашақта кіммен жұмыс істеуге болатынын қарап жүрміз. Қазақстанда кәсіпқой боксшылар көбейіп келеді. Астана мен Алматының кәсіпқой боксшылар тәрбиелеуге үлкен мүмкіндіктері бар. Бейбіт чемпион болса, елдеріңізде бокстың қарыштауына тағы бір демеу. Қазақстанда болашағы үлкен боксшылар көп. Қазақстан көптеген әлем чемпиондарын бере алады. Шүменов қана емес қой, Головкин да бар, ол да біздің ұйымның чемпионы. Оған да үлкен қолдау көрсеткенбіз, чемион болуға. Головкин қазір кім - Р4Р үздігі, әлемнің ең мықты боксшысы. Ол қайдан шықты? Осындағы кішкентай қалашықтан. Қазақстан әлемге Шүменовтер мен Головкиндерді көптеп бере алатынын көріп тұрмын. Ал біздің ұйымның есігі олар үшін ашық, біз оларға чемпион болу мүмкіндігін береміз", - дейді ол. 

Сонымен бірге, ұйымның вице-президенті қазақстандық бокс стилі тіралы сұраққа жауап берді. 

"Қазақстанда әуесқой бокс стилі өте күшті. Әуесқой бокстағы жетістіктері де үлкен. Өзгешіліктері де осында. Жастар чемпиондарға қарап өседі, сондықтан біз оларға осындай мүмкіндік береміз. Головкиннің кіммен жұдырықтасып жүргенін қараңызшы, Шүменов - Бернард Хопкинспен қарсыласты. Шүменов чемпион болса, біз бұл ісімізді жалғастырамыз", - дейді ол. .

Еске салайық, Шүменов екі салмақ дәрежесінде чемпион болған Қазақстаннан шыққан жалғыз боксшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети