19 сәуір 2019 09:16

Қазақстан боксшылары әлі басталмаған Азия чемпионатында екі медаль еншіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҚБФ сайтынан Фото: ҚБФ сайтынан

Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионаты басталмай тұрып екі медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бокстан Қазақстан құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионаты басталмай тұрып екі медальға қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша, екі боксшымыз турнирді жартылай финалдан бастайды. Демек, олардың еншісінде кем дегенде қола медаль бар. 

Әлі басталмаған турнирдің жүлдегері атағын Фариза Шолтай мен Ләззат Күнгейбаева еншіледі: екеуі де алғашқы кездесуінде жеңіліп қалса да, Қазақстанға жүлдемен оралады. 

Жеребе қазақстандықтар боксшылардың алдағы қарсыласын анықтап берді: 

48 келіге дейін (20 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Алуа Балқыбекова - Чорон Бак (Корея)

51 келіге дейін (21 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/8 финал

Назым Қызайбай - Ферангиз Хошимова (Өзбекстан)

54 келіге дейін (20 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/8 финал

Дина Жоламан - Фахима Алфаки (БАӘ)

57 келіге дейін (19 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Сәния Сұлтанқызы - Мижгона Самадова (Тәжікстан)

60 келіге дейін (21 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Римма Волосенко - Нур Сабрина Бинте Мох Файзал (Сингапур)

64 келіге дейін (19 сәуірде кешкі сессияда) - 1/8 финал

Милана Сафронова - Идимох Холова (Тәжікстан)

69 келіге дейін (22 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/4 финал

Дариға Шәкімова - Эрденетуйя Енхбаатар (Моңғолия)

75 келіге дейін (23 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/4 финал

Ақерке Бақытжан - Киан Ли (Қытай)

81 келіге дейін (25 сәуірде күндізгі сессияда) - 1/2 финал

Фариза Шолтай - Пооха Рани (Үндістан)

81 келіден жоғары (25 сәуірде кешкі сессияда) - 1/2 финал

Ләззат Күнгейбаева - Ксяоли Ян (Қытай)/Сима Поониа (Үндістан)

Бокстан Азия чемпионаты бүгін, 19 сәуірде басталады. Ал финал жекпе-жектері 26 сәуірде өтеді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети