26 сәуір 2019 17:30

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын екі алтын медальмен аяқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Финалдық бәсекеде Қазақстанның төрт боксшысы сынға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Финалдық бәсекеде Қазақстанның төрт боксшысы сынға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Финалда қазақстандықтардан бірінші болып рингке Зәкір Сафиуллин шықты. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін ол моңғолиялық Цендбаатар Эрденебатпен кездескен. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Эрденебатқа берді.

Осылайша,  Зәкір өз мансабында екінші рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Ол 2015 жылы да құрлықтың вице-чемпионы болған еді.


©Vesti.kz

Ал 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Тұрсынбай Құлахмет финалда үндістандық Ашиш Кумармен жұдырықтасты. Жартылай финалда қарсыласын 20 секундта ұтқан Тұрсынбай финалда да жеңіске жетті. Үш төреші де жеңісті Тұрсынбайға берді.

25 жастағы боксшы алғаш рет Азия чемпионатына қатысып, бірден алтын медаль еншіледі.

Қазақстан құамасының қоржынына екінші алтын медальді Бек Нұрмағанбет салды. Ол 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Бек үшін де бұл құрлықтық додадағы дебют болатын. Ол финалда филиппиндік Джон Нобель Марвинді ұтты.

Қазақстандық боксшылардан соңғы болып Қамшыбек Қоңқабаев шықты. 91 келіден жоғары салмақтың финалында ол өзбекстандық Баходир Жалоловпен кездесті. Боксшылар 2017 жылы да құрлықтық доданың финалында күш сынасқан еді. Сол кезде Жалолов жеңіске жеткен болатын. Биыл да финалда өзбекстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Командалық есеп бойынша боксшыларымыз екінші орында тұр. Бірінші орынды Өзбекстан еншіледі. Олар құрлықтық жарыста төрт алтын, бір күміс пен бір қола жүлде иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети