28 қаңтар 2019 10:34

Қазақстандық 20 жастағы боксшы BoxRec рейтингінде жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Садриддин Ахмедов. © Eye of the Tiger Management Садриддин Ахмедов. © Eye of the Tiger Management

Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов титулдық кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов титулдық кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оған бос тұрған белбеуге талас жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуарес қарсылас болды. Кездесу Канаданың Монреаль қаласындағы бокс кешінде өтіп, 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ төртінші раундта аяқталды.

Мексикалық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуды ұйғарды. Осының нәтижесінде қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша "жастар" чемпионы атанды.

Осы жекпе-жектен соң Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 сатыға көтерілді (201-ден 85-орынға). Оның қарсыласы 103-орында тұрған еді, алайда тізе бүккен мексикалық 103 сатыға төмендеп, 206-орыннан көрінді. 

BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақ бойынша бүкіл әлемнен 1 850 спортшы бар, онда WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (32-0, 26 КО) көш бастап тұр. Қазақстандықтардың арасында Ахмедов екінші болып келе жатыр, себебі оның алдында Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) бар, ол желтоқсанда өңірлік WBC Asia титулын иеленіп, 80-орынға жайғасқан еді. 

Айта кетейік, таяуда Ахмедовтің жекпе-жегінің толық видеосы пайда болған еді.


Еске салайық, Жастар арасында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Садриддин Ахмедов бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы атанды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Видео победы нокаутом от Ахмедова! ⠀ Победитель молодежного чемпионата мира из Казахстана Садриддин Ахмедов завоевал титул "молодежного" чемпиона мира по версии WBC в первом среднем весе, сообщает @Vestikzgram. ⠀ Его соперником по поединку за вакантный пояс был мексиканец Абрахам Хуарес. Бой завершился в четвертом раунде, хотя был рассчитан на десять. ⠀ #WBC #boxing #kaz #kzboxing #Ахмедов #Kazakhstan #kz #kazboxing #Казахстан #WBCYouth #Mexico #Мексика #kazteam #teamkz #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

Бір қызығы, ұйымдастырушылар бастапқыда қазақстандық өнер көрсететін орта дивизионда өтетінін мәлімдеген. 

Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр. Ол 2018 жылы дебют жасап, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын. 

Ал әуесқой бокста Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management атты канадалық промоутерлік компания қорғайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети