02 қараша 2019 17:29

Қазақстандық Ақбербаев пен Левитті жеңген ресейлік боксшының жекпе-жегі қашан, қайда көрсетіледі?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иса Ақбербаев. Сурет: arnapress.kz Иса Ақбербаев. Сурет: arnapress.kz

2 қарашада Екатеринбургте қазақстандық Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) пен ресейлік Олимпиада чемпионы Евгений Тищенко (5-0, 3 КО) арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2 қарашада Екатеринбургте қазақстандық Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) пен ресейлік Олимпиада чемпионы Евгений Тищенко (5-0, 3 КО) арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Тищенко бірінші ауыр салмақтағы WBO Inter-Continental титулын қорғау үшін жұдырықтасуға шығады.

Салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық боксшы Ресей спортшысынан жеңіл болып шықты.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады, ал оны RCC Boxing промоутерлік компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан, сондай-ақ Box.aitube.kz сайтынан тамашалауға болады.

Айта кетерлік, 35 жастағы Ақбербаев 2017 жылдың желтоқсанында Украинада босниялық Мирнес Денадичті (12-13-2, 6 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, WBA Asia аймақтық белдеуін жеңіп алғаннан кейін рингке шықпаған.

Тищенко бокс әуесқойларына белгілі, ол 2016 жылғы Олимпиада финалында дау шығарып, қазақстандық Василий Левитті жеңген. 28 жастағы ресейлік боксшы 2018 жылдың тамызынан бастап профиде өнер көрсетеді, ол әлі жеңіліске ұшырап көрмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети