26 сәуір 2018 10:45

"Қазақстандық алтын бала". Эдди Хирн Елеусіновке тәнті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов пен Эдди Хирн. © twitter.com/MatchroomBoxing Данияр Елеусінов пен Эдди Хирн. © twitter.com/MatchroomBoxing

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында оның дарынына тәнті болып, Елеусіновті WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында оның дарынына тәнті болып, Елеусіновті WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сіздердің мына жігіттің қаншалықты дарынды екенін білмейсіздер. (...) Ол келесі Геннадий Головкин емес, ол - Данияр Елеусінов. Бұл жігіт - Қазақстанның "алтын баласы". Қазіргі уақытта Головкинмен салыстырғанда, ол танымалдылығы жөнінен мүлде басқа. Ол ерекше дарын, ол орта салмақтағы әлем чемпионы болады. Осы жігітті қалай таптым десеңіздер? Теледидардан оның жекпе-жегін көріп, сол жайлы сұрастыра бастадым.

Содан бірден Қазақстанға ұшып келдім, келісімшарт жасастық. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Монакода жекпе-жектер өткізеді. Әлем бойынша өнер көрсетеді. Еуропалық жанкүйерлердің ғана емес, бүкіл әлемнің бокссүйер қауымының жүрегін жаулап алады", - деді Елеусіновтің промоутері AB BOXING NEW басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі алдында ашық жаттығу өткізді. Отандасымыздың кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) болады. Олардың жекпе-жегі 28 сәуірде Нью-Йорк қаласындағы "Барклайс" спорт кешенінде орта салмақта өнер көрсететін америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы кездесудің андеркартында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети