02 мамыр 2017 09:07

Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Данияр Майлыбаев © Данияр Майлыбаев

Қазақстандық бес боксшы Өзбекстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық бес боксшы Өзбекстанда өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жекпе-жекте Қазақстан құрамасының бірінші нөмірі Қайрат Ералиев (56 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) филиппин Марио Баутистамен жұдырықтасып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Екінші айналымда қазақстандық Асрор Вохидов (Тәжікстан) пен Риомей Танаканың (Жапония) жеңгенімен жекпе-жекке шығады. Олардың жекпе-жегі 3 мамырға белгіленген. 

Ал 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Бекдәулет Ибрагимов Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарының жүлдегері иорданиялық Обада Алкасбехпен жұдырықтасты. Ибрагимовтың қарсыласы бірінші минуттардан бастап алға бет алды. Алайда қазақстандық контршабуылдарын сәтті жасап, 3:0 есебімен жеңді. Ширек финалда қазақстандық Шри-Ланка боксшысы Душан Сапарамадуды нокаутқа түсірген Ирак спортшысы Каррар Аал-Эзирежбен кездеседі. 

Қазақстандық боксшы Ержан Жомарт 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы кезеңде тайпейлік Хон-Да Линмен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңді. 1/4 финалда қазақстандық Олимпиада чемпионы өзбек Хасанбой Дусматовпен кездеседі. 

75 келі салмақ категориясында жұдырықтасатын қазақстандық Аманқұл Әбілхан Азия чемпионатын жеңіспен бастады. Бірінші жекпе-жегінде 19 жастағы Аманқұл қытай боксшысы Юн Хан Венмен кездесіп, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Бірінші раундта отандасымыз қарсыласын сол қолымен соққы жасап, нокдаунға түсірді.


© Данияр Майлыбаев

Қазақстан атынан ширек финалған шыққан қазақстандық - 91 келіде жұдырықтасатын Василий Левит. Ол жоғары рейтингі арқылы алдын ала жекпе-жектен босатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети