17 ақпан 2018 09:25

Қазақстандық боксшы АҚШ-та өткен кәсіби рингтегі тұңғыш кездесуінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сағадат Рахманқұлов. © ВКонтакте Сағадат Рахманқұлов. © ВКонтакте

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов Рено қаласында (Невада штаты, АҚШ) кәсіби деңгейде дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов Рено қаласында (Невада штаты, АҚШ) кәсіби деңгейде дебюттік жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың хабарлауынша, Рахманқұловтың қарсыласы 29 жастағы америкалық Ноэль Эскуэда (8-4-2, 6КО) болған.

"24 жастағы Рахманқұлов бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Қазақстандық боксшы өткен жылы күзде Окснард қаласына (Калифорния штаты) барып, Мадияр Әшкеев, Мейірім Нұрсұлтанов және Асхат Уәлихановпен бірге жаттыққан болатын", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Сағадат әуесқойлық мәнсабын 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткізді. Ол Қазақстан чемпионы (2013) және турнирдің күміс жүлдегері болды (2014).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети