18 қыркүйек 2019 11:59

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте шарықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Ескендір Харсан (7-0, 6 КО) екінші ең жеңіл салмақтағы BoxRec порталының көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық Ескендір Харсан (7-0, 6 КО) екінші ең жеңіл салмақтағы BoxRec порталының көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

14 қыркүйекте T-Mobile аренасындағы шоу андеркартында Харсан америкалық Исидро Очоаны (7-1, 3 КО) жеңді. Ал бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде британиялық Тайсон Фьюри (29-0-1, 20 КО) шведциялық Отто Валлинді (20-1, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

22 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы жетінші жеңісінен кейін рейтингте бірден 64 саты жоғарлады - 241-ден 177-ші орынға көтерілген. Очоа карьерасындағы алғашқы жеңілісінен кейін 38 саты құлдилады - 282-ден 320-ға түсті.

BoxRec рейтингінде Харсан салмағында 1240 боксшы бар. Бірінші орында WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваретте (29-1, 25 КО), екінші - оның отандасы Рей Варгас (34-0, 24 КО) WBC белбеуіне ие, ал үшінші - WBA (Super) және IBF чемпионы америкалық Даниэль Роман (27-2-1, 10 КО).

Айта кетейік екінші ең жеңіл салмақта үш қазақстандық өнер көрсетеді. Харсаннан жоғары Ержан Залилов (11-1-1, 5 КО) 114-ші тұр, ал төменде - Елнұр Қасенов (0-1) 992-ші. Боксшы биыл кәсіпқойдағы карьерасын сәтсіз бастады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети