1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBС жастар арасындағы белбеуді жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz боксшының ВКонтакте желісіндегі ресми тобына сілтеме жасап.

22 жастағы Ахмедов осы күнге дейін жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Кертис Хиллмен жекпе-жек өткізді.

Кездесу АҚШ-та Остин штатында өтті. Жекпе-жек 10 раундқа созылады делінген болатын, бірақ Ахмедов қарсыласын төртінші раундта-ақ нокаутқа түсіріп жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Әли Ахмедовтың кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегі.