07 шілде 2018 17:46

Қазақстандық боксшы Арман Рысбек қарсыласын бір минутта құлатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Рысбек. © facebook.com/rysbek Арман Рысбек. © facebook.com/rysbek

Екінші орта салмақта жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы Арман Рысбек (3-0, 2 КО) кәсіби рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта жекпе-жек өткізген қазақстандық боксшы Арман Рысбек (3-0, 2 КО) кәсіби рингтегі төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы Рысбек бокс кешінің шеңберінде грузиялық Сандро Терашвилимен (4-1, 2 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек жылдам аяқталды - Рысбек бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Қазақстандық боксшы жекпе-жектің басталғанына бір минут болмай жатып жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевты, Бобиржан Моминов (7-0, 6 КО) грузиялық Георгий Блиадзені жеңді.

Еске сала кетейік, бұл кештегі ең басты оқиға бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша әлем чемпионының белдігі тігілетін кездесу болады, жекпе-жек қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық боксшы Хизни Алтункая арасында өтеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети