Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) 30 наурызда АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін Гвоздик - Нгумбу бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) 30 наурызда АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін Гвоздик - Нгумбу бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы - пуэрторикалық 27 жастағы Хосе Лопес (11-1, 9 КО). Жартылай орта салмақта өтетін кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Уәлихановтың салмағы - 141,3 фунт (64,09 келі), Лопестікі - 141,5 (64,1 келі).
Бокс кешінің басты кездесуі - украиналық Александр Гвоздик (16-0, 13 КО) пен француз боксшысы Дуду Нгумбу (38-8, 14 КО) жекпе-жегі.
— Top Rank Boxing (@trboxing) 29 марта 2019 г.