Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің алтын медалін жеңіп алды

29 Ақпан 2016, 10:46
0
© Kfb.kz
© Kfb.kz

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ержан Жомарт халықаралық "Странджа" турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының сайтында хабарланды. Айта кетейік, турнир 22-28 ақпан аралығында Болгарияда өтті.

Финалда Ержан Жомарт әуелі қытайлық спортшы (2:1) Лю Бинді жеңіп, кейін шаршы алаңның иесі Тинко Банабаковты 3:0 есебімен ойсырата ұтты.


Ержан Жомарт. © Кfb.kz

Осы турнирде өнер көрсеткен қазақстандық өзге спортшылар жүлделі орындардан көріне алмады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жақсылық Ілиясов өзбекстандық Хуршиу Тожибаевтан жеңіліп, жарыс жолынан ерте шығып қалса, Бекзод Халмедов (69 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі) және Вадим Казаков (81 келі) жартылай финалға дейін ғана өнер көрсетті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай