Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегін 29 қаңтарда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы бұл жолы 28 жастағы бразилиялық спортшы Хоаким Карнейро болады.

Жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) NBA тұжырымы бойынша чемпиондық титул сарапқа салынатын кездесу Нью-Йорк қаласында өтеді. Жекпе-жек 12 раундқа созылады.
© Іnstagram.com/zhankoshturarov
Айта кетейік, Жанқош Тұраров Алматының тумасы. Қазақстандық спортшы кәсіби бокста 2009 жылдан бері бағын сынап жүр. Тұраров осыған дейін 17 кездесу (12 нокаут) өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Қазақстандық боксшының промоутері Нельсон Лопес, сонымен қатар, ол Қанат Исламмен бірге де жұмыс істейді.