27 ақпан 2015 18:47

Қазақстандық боксшы жарақатына байланысты рингке шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Жайлауов. © Боксшының "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан. Роман Жайлауов. © Боксшының "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов бүгін, 27 ақпанда өтуі тиіс болған жекпе-жектен жарақатына байланысты бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Роман Жайлауов бүгін, 27 ақпанда өтуі тиіс болған жекпе-жектен жарақатына байланысты бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Спортшының жарақаты бар күшін салып жұдырықтасуға мүмкіндік бермейтіндіктен жекпе-жек өтпей қалды. Спортшының қай кезде толық жазылып, рингке оралатыны әзірше белгісіз. 20 жастағы боксшының есебінде жеңіспен аяқталған 13 жекпе-жек бар, олардың сегізінде Жайлауов мерзімінен бұрын жеңіп шыққан. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Жайлауов бүгін Екатеринбургте 32 жастағы Вячеслав Яковенкоға (7 жеңіс, 19 жеңіліс және тең түскен) қарсы кезекті рейтингтік жекпе-жек өткізу тиіс болған. Айта кетейік, ресейлік тәжірибелі боксшы соңғы 16 жекпе-жегінің барлығында жеңіліс тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети