10 қараша 2019 14:19

Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© www.facebook.com/u.kosanbay © www.facebook.com/u.kosanbay

Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен (43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында 10 қарашада таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласты. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, сосын алтыншы раундта аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді. 

Әшкеев үшін бұл 14-ші кездесудегі 14-ші жеңіс. Мартинес болса спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңіліс тапты, ол осыған дейін 43 кездесу өткізген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети