04 наурыз 2018 09:55

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев қарсыласын екі минут ішінде жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадияр Әшкеев. © Ізтұрған Алдауев/astanarlans.kz Мадияр Әшкеев. © Ізтұрған Алдауев/astanarlans.kz

Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен кәсіби рингтегі бокс кеші шеңберінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz.


Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өткен кәсіби рингтегі бокс кеші шеңберінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті, деп хабарлады Vesti.kz.

Бірінші орташа салмақта жұдырықтасқан Мадияр Әшкеев доминикан Хосе Антонио Абреуді бірінші раундта жеңді. Қазақстандық боксшы 1 минут 52 секундта қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. 26 жастағы Әшкеев әлі де соққы тимеген боксшы деген мәртебеге ие - тоғыз жеңіс (бес нокаут), ал 29 жастағы Абреу төртінші рет жеңіліп отыр және үш кездесуінде қатарынан жеңілген - сонымен қатар ол 13 рет жеңіске жеткен (сегіз нокаут). 

Қазақстандық тағы бір боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық боксшы Алехандро Торресқа қарсы титулдық емес жекпе-жек өткізді. Нұрсұлтанов рингте бірден басымдық танытты. Жекпе-жек төртінші раундта тоқтап қала жаздады. Бесінші раундта дәрігерлер Торресті тексеріп, жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Бірақ соңғы, алтыншы раундта жекпе-жек тоқтатылды - Нұрсұлтанов техникалық нокаутпен жеңді. Нұрсұлтанов үшін бұл кәсіби бокстағы алтыншы жеңіс және ол бесінші рет уақытынан бұрын жеңіске жетіп отыр.

Айта кетейік, бұл кештің басты оқиғасы ресейлік жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалев пен отандасы Игорь Михалкиннің жекпе-жегі болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети