25 наурыз 2019 | 09:57

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 11-ші кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой шаршы алаңда 11-ші кездесуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой шаршы алаңда 11-ші кездесуінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық 25 жастағы боксшының қарсыласы Пуэрто-Рико елінің өкілі 32 жастағы Луис Эрнандес болды. Орта салмақта өткен сегізраундтық кездесу АҚШ-тың Калифорния штатындағы Голивудта Hollywood Fight Nights шоуы аясында ұйымдастырылды. Кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Нұрсұлтанов 79-72 есебімен жеңіске жетті. 

Реклама
Реклама

Осылайша, Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығынада да жеңіске жетті, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. Эрнандес болса, сегізінші рет жеңіліп отыр екен, бұрындары ол 16 қарсыласын тізе бүктірген. 

Hollywood Fight Nights шоуын GGG ісін жүргізуші Том Леффлерге тиесілі 360 Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырды. Бокс кеші аясында басқа қазақстандық боксшы Әли Ахмедов өнер көрсетті. Біздің отандасымыз екінші орта салмақта бірінші рет шықты - бұрын ол жартылай ауыр дивизионда өнер көрсетіп келді. 

23 жастағы Ахмедовтың сегіз раундтық жекпе-жекте америкалық 37 жастағы Майк Гаймен (9-3-1, 5 КО) жұдырықтасты. Кездесу сегіз раунтан тұрды, Қазақстандық боксшы жеңіспен аяқтады. 

Уалихан Қосанбай


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная