18 наурыз 2017 10:21

Қазақстандық боксшы Шәрібаев мексикалықты нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдар Шәрібаев. © diamondring.kz Айдар Шәрібаев. © diamondring.kz

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев мексикалықты нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев мексикалықты нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

23 жастағы мексикалық Габина Котамен (19-7-1, 17 КО) жекпе-жегі АҚШ-тың Тампа қаласында өтті. Таяуда қос боксшы да 130 фунт салмақ көрсетіп, жекпе-жекке асқан дайындықпен келген.

Жекпе-жекте қазақстандық басым болды. Бірінші раундта-ақ Шәрібаев бірнеше соққы жасап, қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта Габина Кота кездесуді жалғастырудан бас тартып, техникалық нокаут тіркелді.

Осыдан кейін қазақстандық боксшы кездесуі жайлы айтып берді: Жеңіске жеткеніме шексіз қуаныштымын. Нокаутпен жеңгім келді. Қарсыласым осал емес. Әрине, Амеркада мықты боксшыға қарсы дебют жақсы тәжірибе. Кубалық мамандардың жүйесі бойынша екі ай дайындықтан өттім. Үйренгенімді рингте көрсеттім. Бапкерлердің көңілі толыпты".


Айдар Шарибаев. © Vesti.kz

Сонымен қатар, ол көрерменнің өзін Головкинмен теңегені жайлы айтты. "Көрермен қолдау білдіріп отырды, бұл жақсылықтың белгісі, оларға менің боксым ұнады, кейбірі тіпті мені екінші GGG деп атапты. Жеңісімді өз еліме және жанкүйерлеріме арнаймын! Қазақстан туын Америка жерінде көтеру мен үшін мақтаныш!", - деді Шәрібаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети