09 тамыз 2016 07:21

Қазақстандық боксшылар Жақыпов, Әлімханұлы және Левит өз жекпе-жектерінде жеңіп шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстандық боксшылар Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит Рио-де-Жанейродағы Олимпиададағы бірінші жекпе-жектерінде жеңіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшылар Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит Рио-де-Жанейродағы Олимпиададағы бірінші жекпе-жектерінде жеңіп шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың екінші айналымында 49 келіге дейінгі салмақта Жақыпов Намбиядан келген Маттиас Хамуньеламен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық басым түсті, алайда африкалық боксшы шабуылға ұмтылды. Екінші раундта да Жақыпов үстемдігін байқатты. Үшінші раунд отандасымыздың жеңіске лайық екенін көрсетіп берді. 

Біржан Жақыпов - Маттиас Хамуньела жекпе-жегінен үзінді. © Reuters


© Reuters 

"Қиын жекпе-жекте жеңіске жеттім. Бір орында тұрмайтын африкалық мықты жігіт қарсылас болды. Бірақ мен соңына дейін тырысып, жеңісті жұлып алдым. Жекпе-жек қиын болды. Күш жинап, келесі жекпе-жегімде бар мүмкіндігімді саламын", - деді Жақыпов жекпе-жектен кейін. 

Ширек финалда Жақыповқа өзбек боксшысы Хасанбай Дусматов қарсы шығады. 

Айта кетейік, 32 жастағы Жақыпов 2013 жылы әлем чемпионы атанған болатын. Ол Олимпиада ойындарына осымен үшінші рет қатысып отыр, командасында ол ең тәжірибелі боксшы. 

75 келіге дейінгі категориядағы боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы ағылшын Энтони Фаулерден бір бас жоғары тұрды. Екінші раундтың басында Әлімханұлы қарсыласын нокдаунға түсірді. 


Жәнібек Әлімханұлы - Энтони Фаулер жекпе-жегінен үзінді. © Reuters


© Reuters

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын 28 жастағы Василий Левит қытайлық қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Екі соққыдан кейін 21 жастағы қытайлық Юй Фэнкай кездесуді жалғастырудан бас тартты. 


Василий Левит - Ю Фэн Кай жекпе-жегінен үзінді. © Reuters


© Reuters


© Reuters

Осыған дейін бокстан Қазақстан құрамасы бірінші жеңілісіне ұшыраған болатын. Жарыс жолынан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Берік Әбдрахманов америкалық Карлос Бальдерасқа есе жіберген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети