29 сәуір 2017 10:40

Қазақстандық екі боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та қазақстандық екі боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


АҚШ-та қазақстандық екі боксшы қарсыластарын нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіліс тауып көрмеген Айдар Шәрібаев Чикагода өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол никарагуалық боксшы Орландо Ризамен жұдырықтасты. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Шәрібаев осы раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Қазқстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. 

Тағы бір қазастандық боксшы Асхат Уәлиханов Калифорниядағы бокс кешінің аясында жұдырықтасты. Ол кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде америкалық Эрик Фаулерді жеңді. 


Асхат Уәлиханов. © WSB

Бірінші орта салмақта өткен жекпе-жекте Уәлиханов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандықтың кәсіпқой бокста екі жеңісі және бір жеңілісі бар. Айта кетейк, екі апта бұрын тағы екі боксшы АҚШ-та өз қарсыластарын нокаутқа түсірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети