09 маусым 2019 09:00

Қазақстандық Эюбов Головкин - Роллс андеркартында жеңіліп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Бахтияр Эюбов Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық Брайан Себальоға есе жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық Бахтияр Эюбов Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан бокс кешінде америкалық Брайан Себальоға есе жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Эюбов - Себальо жекпе-жегі бірінші орта салмақта өтіп, сегіз раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімімен америкалық боксшы жеңіске жетті - 79:73, 78:74 және 80:72. Төрешілердің бірі Эюбов барлық раундта жеңілді деген шешім қабылдаса, қалған екі қазы Бахтиярға бір және екі раунд берген. 

Осылайша, 32 жастағы Эюбов өз карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін ол 14 рет жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған еді. Тағы бір жекпе-жекте тең түскен. Ал Себальо болса тоғыз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен тәмамдады. 

Осы жекпе-жегі үшін қазақстандық боксшы 5 мың доллар сыйақы алса, америкалыққа 25 мың доллар табысталды. 

Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс жұдырықтасады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети