11 мамыр 2019 12:42

Қазақстандық Иван Дычко қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иван Дычко. © The Heavyweight Factory Иван Дычко. © The Heavyweight Factory

Кәсіпқой бокста супер ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Рэй Остинді техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Кәсіпқой бокста супер ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық Рэй Остинді техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Голливуд қаласында Hard Rock аренасында (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінің андеркартында өтті.  Алты раундқа есептелген жекпе-жек үшінші кезеңде аяқталды.

29 жастағы Дычко үшін бұл сегіз кездесудегі сегізінші жеңіс. Ол 2017 жылы АҚШ-та алғаш рет кәсіпқой рингте жұдырықтасты және барлық жекпе-жекті осы елде өткізді. 

48 жастағы Остин ақпан айында үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Енді оның есебінде 29 жеңіс (18 нокаутпен) және төрт тең ойынмен 10 жеңіліс бар. 

Кезінде Остин IBF белбеуі үшін Владимир Кличкомен (64-5, 53 КО) жұдырықтасып, есе жіберген еді. Оның алдында ресейлік Султан Ибрагимовпен (22-1-1, 17 КО) тең түскен. Канадалық Бермейн Стиверн (25-4-1, 21 КО) және америкалық Энди Руис (32-1, 21 КО) сынды боксшылармен жұдырықтасқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети