16 наурыз 2017 23:17

Қазақстандық жанкүйер Головкин - Джейкобс жекпе-жегіне бірнеше миллион теңге бәс тікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс жекпе-жегіне қойылған чектің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Әлеуметтік желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс жекпе-жегіне қойылған чектің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясының құмар ойыншысы төрт "ставка" қойған, оның барлығы Головкиннің пайдасына, яғни төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші раундатрда Головкин америкалық қарсыласын нокаутқа жібереді. Барлығына ол бір миллионнан қойып, төрт миллион теңге жұмсаған. 

Головкин төртінші раунда жеңеді дегенге - 9 коэффициент, бесінші раунд - 8 коэффициент, алтыншы раунд - 8 коэффициент, жетінші раунд - 10 коэффициент берілген. Бұл дегеніміз егер GGG төртінші және жетінші раундтар аралығында жеңіске жететін болса, "ставка" қойған адам ұтысқа кенеледі. 

Vesti.kz тілшісі осы мәселеге байланысты Tennisi.kz компаниясына хабарласқан. Букмекерлік комапнияның өкілдері бұл чектің не жалған не рас екенін айтпады. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети