04 қазан 2018 12:47

Қазақстандық кәсіпқой боксшы чемпиондық белбеуге таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірім Нұрсұлтанов. © Xsport Мейірім Нұрсұлтанов. © Xsport

Қазақстандық кәсіпқой Мейірім Нұрсұлтанов (8-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 13 қазан Лас-Вегаста өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой Мейірім Нұрсұлтанов (8-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 13 қазан Лас-Вегаста өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec сайтының мәліметінше, 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы америкалық Джамар Фриман (15-6-2, 8 КО). Сегіз раундқа есептелген жекпе-жекке орта салмақтағы WBC жүйесіне кіретін NABF Junior белбеуі тігіледі (NABF - Солтүстік Американың бокс федерациясы).

Осылайша, Нұрсұлтанов үшін бұл алғашқы титулды жекпе-жек.

Қазақстандық боксшы соңғы рет 4 тамызда Атлантик-Ситиде өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Бұл кештің басты оқиғасы WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) пен колумбиялық Элейдер Альвареспен (23-0, 11 КО) жұдырықтасуы еді.

Нұрсұлтанов - Батиста андеркартта жұдырықтасып, доминикандық боксшы нокдаунға түскеннен кейін сегіз раундқа есептелген жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осымен қазақстандық сегіз жекпе-жегінің сегізінде де жеңіске жетті, оның жетеуі нокаутпен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети