10 қазан 2019 17:58

Қазақстандық қыздар бокстан әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kfb.kz © kfb.kz

Бурятияда (Ресей Федерациясы) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына екі қазақстандық спортшы қыз шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бурятияда (Ресей Федерациясы) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына екі қазақстандық спортшы қыз шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Милана Сафронова 64 келіге дейінгі 1/4 финалда болгариялық Мелис Йонузованы жеңді.

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Дина Исламбекова италиялық Флавия Севериннен басым болды.

Ал кешкі сессияда жартылай финалға жолдама үшін тағы екі қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Фариза Шолтай (81 келі) және Дина Жоламан (54).

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 13 қазанда аяқталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети