Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.39
EUR / KZT - 390.28
CNY / KZT - 52.42
RUB / KZT - 5.36

Қазақстандық нокаутшы WBC Continental Americas чемпионы болды

27 Мамыр, 15:55
0
© Eye of the Tiger Management
© Eye of the Tiger Management

Қазақстандық нокаутшы Жүкембаев WBC Continental Americas чемпионының вакантты белдігіне ие болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Квебекте өткен Давид Лемье - Карим Ашур бокс кешінің шеңберінде бірінші жартылай орта салмақта аргентиналық Джонатан Хосе Эниспен жұдырықтасты.

"Жекпе-жек он раундқа жалғасуы тиіс еді, бірақ қазақстандық боксшы уақытынан бұрын, жетінші раундта жеңіске жетіп, кездесу аяқталды. Жүкембаев қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсіріп, аргентиналық боксшының жеңуіне еш мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы WBC Continental Americas чемпионының вакантты белдігіне ие болды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, 27 жастағы Жүкембаев кәсіби бокста осымен 13 рет жекпе-жек өткізді, бұған дейінгі 12 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен және онында уақытынан бұрын ұтқан. Оның соңғы жекпе-жегі 31 наурызда өтіп, ол 35 секундта мексикалық Ноэ Нуньесті нокаутқа түсірген еді.

Ал Энис осымен оныншы рет жеңіліп отыр, оның қоржынында 20 жеңіс бар және бір жекпе-жекте тең түскен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Квебекте (Канада) өткен Давид Лемье - Карим Ашур жекпе-жегі шеңберінде қазақстандық екі боксшының кездесу өткізгені хабарланған болатын. 20 жастағы Садриддин Ахмедов аргентиналық Ариэль Алеханро Зампедримен жұдырықтасып, нокаутқа түсірді. Ал 24 жастағы Нұрзат Сабиров мексикалық Роландо Паредеспен жұдырықтасып, ол да жеңіске жетті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай