28 қазан 2017 11:04

Қазақстандық Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде мексикалықты нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Eye of the Tiger Management © Eye of the Tiger Management

Қазақстандық Нұрзат Сабыров (3-0-0, 3КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді , - дееп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық Нұрзат Сабыров (3-0-0, 3КО) кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңді , - дееп хабарлайды Vesti.kz.

Ол да боксшымыз Батыр Жүкембаевпен бірге Монреальдағы бокс кешінде жұдырықтасты. Айта кетсек, бұл кештіңбасты жекпе-жегі жергілікті боксшылар Ив Юлисс (14-0, 9КО) пен Стив Кладжеттің (25-4-1, 17КО) кездесуі.

Сабыровтың қарсыласы 26 жастағы мексикалық Марио Баэса болды. Кездесу екінші раундта аяқталды. Нұрзат қарсыласын нокаутқа түсірді.


© Eye of the Tiger Management

Осылайша, 23 жастағы Сабыров кәсіпқой деңгейдегі үш кездесуінде үшінші жеңісін нокаутпен аяқтап отыр.

Қазақстандық боксшының менеджері - Анна Рева, ол Канадада отандық боксшыларымыз Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың да мүддесін қорғайды.

Осы кештің андеркартында Батыр Жүкембаевтың мексикалық Хосе Эмилио Переаны 64-ші секундта нокаутқа түсіргенін айта кетейік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети