14 желтоқсан 2016 21:46

Қазақстанның жеңілмеген нокаутшысына Алматыда ота жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Әли Ахмедов ұсынды Суретті Әли Ахмедов ұсынды

21 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовке Алматыда ота жасалды. Бұл туралы боксшы Vesti.kz спорттық порталына берген сұхбатында айтты. 


21 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовке Алматыда ота жасалды. Бұл туралы боксшы Vesti.kz спорттық порталына берген сұхбатында айтты. 

"Бәрі сәтті өтті. Операция 40 минут болды. Үш аптадан кейін темір шабақтарды алып тастайды. Тағы он күн өткен соң жаттыға бастаймын. Бәрі дұрыс", - дейді боксшы. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін қолындағы жарақатымен өткізді. Оның айтуынша, бас бармағы сынбағанда Беларусь боксшысы Владимир Харкевичпен жекпе-жек үш раундтан аспайтын еді. Дегенмен, осындай күйде де Ахмедов жекпе-жекті бесінші раундта кәсіпқой бокста алғаш рет уақытынан бұрын аяқтаған. 

Болашағы орта салмақтағы қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 11 наурыз күні Лондонда өтеді. Әлидің айтуынша, оның қарсыласы осы салмақ дәрежесіндегі үздік отыздыққа кіретін боксшы. 


Суреттерді Әли Ахмедов ұсынды

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети