"Кездессек не болары белгісіз". WBO чемпионы Головкинмен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

29 Наурыз, 13:50
0
"Кездессек не болары белгісіз". WBO чемпионы Головкинмен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия (31-0, 26 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Деннис Хоганмен (28-1-1, 7 КО) 13 сәуірде өтетін жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өзімді №1 сезінемін. Головкинмен кездесу өткізсек, не боларын ешкім білмейді. Бір жыл бұрын да дайын едім, ал енді өзімді одан да күшті сезініп отырмын. Қазір бар назарым 13 сәуірдегі жекпе-жекте. Осыдан кейін Головкинмен жұдырықтасуға қуанышты болар едім", - дейді Мунгуя.

Еске салайық, Мунгуя 2018 жылы мамырда Головкинге қарсылас болуы керек еді. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мексикалықтың тәжірибесі жеткіліксіз екенін айтып,  GGG-мен жұдырықтасуға тыйым салған еді.

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?

Айта кетейік, Мунгуя мен Головкин DAZN стриминг қызметімен келісімшартта. Екі боксшының келісімі үш жылға есептелген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай