07 қыркүйек 2016 10:58

Кімнің сайқымазақ екенін алда көреміз - Альварестің менеджері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (47-1-1, 33 КО) мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының вице-президенті Эрик Гомес, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) сынына жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (47-1-1, 33 КО) мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының вице-президенті Эрик Гомес, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (35-0, 32 КО) сынына жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Головкин "Канело" кездесуден қашу үшін оған коммерциялық тиімсіз ұсыныс тастап, содан кейін бас тартуды естіген соң. GGG қашты деп жариялайды" деген болатын. Сонымен қатар, GGG мексикалық пен оның промоутері қорқып отыр деген болатын.

"Головкин таяуда LA Times басылымына берген сұхбатында біздің оған қаражат жағынан тиімсіз ұсыныс айтатынымызды (екі миллион доллар) мәлімдепті. Былай айтайын, кездесу туралы ұсыныстың қаражаты бұл сомадан көп болады, сосын көреміз кімнің сайқымазақ екенін - қабылдай ма екен олар осы ұсынысты.

"Канело" осы жекпе-жекті өткізгісі келеді және біз жақсы ұсыныс жасаймыз. Бұл екі миллионнан да көп болады. Алайда біз кездесудің болғанын қалаймыз, сондықтан "Канело" жекпе-жекті келесі жылдың қыркүйегінде өткізгісі келеді. Біз Головкиннің командасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алда көрерміз, біз өз тарапымыздан осы кездесудің болуы үшін бар күшімізді саламыз. Ұсыныстың көлемі екі миллионнан көп болады, ол мұндай соманы әлі тапқан жоқ", - деп жазады BoxingScene.com Гоместің сөзін.

Еске салайық, Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Golden Boy Promotions компаниясынан Альварестің орта салмақтағы WBC тұжырымынан бас тартатыны жайлы шешімінің ресми түрде растауын алды. Осылайша Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

17 қыркүйекте Альварес бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Лиам Смитпен кездеседі. Головкин - Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтеді. Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталады. Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде жұртты таңғалдыратынын айтқан. Ол сонымен қатар орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша чемпионға қарсы кездесуге бар күшін салатынын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети