Танымал "Битва экстрасенсов" телеожобасына қатысқан көріпкелдер Виктор Александровский мен Кажетта Ахметжанова орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашағына болжам жасады.
Танымал "Битва экстрасенсов" телеожобасына қатысқан көріпкелдер Виктор Александровский мен Кажетта Ахметжанова орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашағына болжам жасады.
Көріпкелдер Vesti.kz басылымына берген сұхбатында Головкиннің америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін кездесуі қалай өтетінін айтып берді.
Виктор Александровский - "Битва экстрасенсов" тележобасының 8-ші маусымының финалисі
"Мен спортқа мүлдем жақын емеспін және бокс кештерін де көрмеймін. Бірақ мен даулы жағдай болатынын сезіп тұрмын, дегенмен кездесуде Гена жеңіске жетеді. Оның энергиясы мен аурасын айтатын болсам, мен оны көлікке теңер едім. Барлығы Головкиннің қолында. Мен оны бокста стратег пен әдіскер деп айтар едім", - деді көріпкел Виктор Александровский.
Сондай-ақ, көріпкелдің болжамынша, Головкин кейінірек бизнеспен айналысады.
Кажетта Ахметжанова - "Битва экстрасенсов" тележобасының 6-шы маусымының финалисі
Екінші көріпкел Кажетта Ахметжанова Головкиннің наурызда Америкада үлкен жекпе-жек өткізетінін және кездесудің сәтті аяқталатынын айтты.
"Оған мықты күштер көмектесіп келеді. Оның аурасында ежелгі әрі ең мықты рух бар. Мен оның күшті энергиясын көріп тұрмын. Сонымен қатар, биыл оған басқа командаға ауысуға ұсыныс жасалады, бірақ Головкин ұсыныстан бас тартады. Ол үшін бапкер мен команда ақшадан маңызды. Спортшылардың осы жаста мансап жолын аяқтауы қажет деп айтылса да, ол әлі жеті жылдай мансабын жалғастыра алады. Ол әлі бірнеше рет жеңіске жетеді", - деді Кажетта Ахметжанова.
Ал "Головкин Данқ залына кіре ме, жоқ па" деген сұраққа көріпкер алдағы кездесуден кейін боксшының Данқ залына енетінін айтты. Көріпкелдің айтуынша, Головкин осы жекпе-жектен кейін Владимир Кличко мен Майк Тайсон сияқты бокс жұлдыздарының қатарында болады.