21 қараша 2015 10:08

Котто мен Альварестің гонорарларының көлемі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

34 жастағы экс-чемпион Мигель Котто 21 қарашада өтетін жекпе-жектен 15 миллион доллар алады. Ал оның қарсыласы Сауль "Канело" Альварес кездесуден 5 миллион долларға ие болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Порталдың мәліметінше, ақылы трансляция сәтті өткен жаңдайда НВО табыстың қосымша пайызын береді, ал Альварес Мексикадағы трансляциядан өз үлесін алады.

Айта кетейік, Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында "Канело" мен Котто салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жекпе-жекке екі боксшы да 155 фунт (70,3 келі) салмаққа дейін қатысулары керек. Котто 153,5 (69,6 келі) салмақ көрсетсе, Альварес 155 фунт болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Котто - Альварес кездесуі 21 қарашада Лас-Вегас қаласының Mandalay Bay аренасында өтеді. Егер кездесуде "Канело" жеңіске жетсе, WBC титулының иегері атанады, ал Котто жеңімпаз болса, чемпиондық атақ автоматты түрде Геннадий Головкинге берілуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети