25 тамыз 2019 09:49

Ковалев ұлыбританиялық боксшыны нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Top Rank © Top Rank

Ресейлік Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресейлік Сергей Ковалев ұлыбританиялық Энтони Ярдты жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі Ресейдің Челябі қаласындағы "Трактор" аренасында бокс кешінің басты кездесуінде өтті. Ковалев өзінің туған қаласында алғаш рет жекпе-жек ұйымдастырды, жалпы ол Ресейде небәрі үш кездесу өткізген. Ярд болса спорттық мансабында алғаш рет өз елінің шекарасынан шықты. 

Жекпе-жек 11-ші раундта аяқталды. Ковалев күші сарпылған қарсыласын нокаутқа түсірді. Сегізінші раундта ұлыбританиялық боксшы сәл болмаған да ресейлікті есінен тандыруға аз қалған еді. Бірақ ол гонгқа дейін шыдап бақты, сосын басымдықты өз қолына алды. 

36 жастағы Ковалев үшін бұл 34-ші (29 нокаут) жеңіс, ол үш рет жеңілген және бір рет тең түскен. Ал 27 жастағы Ярд спорттық мансабында алғаш рет жеңілді. Осыған дейін ол 18 кездесуде жеңімпаз болып, оның 17-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Осы кездесу үшін Ковалев бес миллион доллар, ал ұлыбританиялық үш миллион доллар алады. 

Ковалев WBO белбеуін 2 ақпанда қайтарған еді. Ол колумбиялық Элейдер Альваресті реванш кезінде жеңді. 2013-2016 жылдары және 2017-2018 аралығында осы белбеу ресейліктің иелігінде болған. 

Айта кетейік, осы бокс кешінің андеркартында кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік Артур Осиповты жеңді.

 26 жастағы Нұрсұлтанов спорттық мансабында 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Сегіз кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 30 жастағы Осипов болса осымен екінші рет жеңілді, ол 15 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Ресейде алғаш рет өнер көрсетті. Осыған дейінгі жекпе-жектердің барлығын дерлік ол АҚШ-та өткізген, ал Қазақстанда бір ғана кездесу ұйымдастырды. Ковалев пен Нұрсұлтановты менеджер Эгис Климас пен Main Events промоутерлік компаниясы байланыстырады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети