06 сәуір 2015 08:39

Кіші Мейвезер: "Головкин Андре Уордтан күмәнсіз жеңіледі"

ПОДЕЛИТЬСЯ

©xsport.ua ©xsport.ua

Бокстан жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Кіші Флойд Мейвезер WBA (Super), WBС (Interim) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық боксшы Андре Уордты жеңе алмайтынын айтты,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Головкиннің "Вконтакте" желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Мен оның бір ғана жекпе-жегін көрдім... Егер ол Андре Уордпен кездессе, Андре Уорд оны күмәнсіз жеңіп кетеді. Бірақ, GGG - жақсы боксшы, ол кездесуге барын салып кірісуді жақсы көреді. Ертеде мені ақылмен, қорғанысты ойлаумен жұдырықтасқанымды сынағандар болса да, шын мәнінде мен өз ісімнің жемісін көрдім", - деді Мейвезер.

Еске салайық, кіші Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяомен 2 мамырда Лас-Вегаста кездеседі. Айта кетейік, Мейвезер осы күнге дейін жеңіліп көрген емес. Оның қоржынында 47 жеңіс (28 КО) бар.

Ал Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы - кіші Вилли Монро. Қазақстан боксшысы Big Bear дайындық алаңына оралды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети