07 сәуір 2015 19:55

Кіші Мейвезер Пакьяомен жекпе-жекке 25 мың доллар тұратын капамен шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Sport.mail.ru ©Sport.mail.ru

Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер филиппин спортшысы Мэнни Пакьяомен жекпе-жекке 25 мың доллар тұратын капамен шығады, - деп хабарлайды Eurosport.


Америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер филиппин спортшысы Мэнни Пакьяомен жекпе-жекке 25 мың доллар тұратын капамен шығады, - деп хабарлайды Eurosport.

Қорғаныс капасы гауһар тас, алтын және жүз доллар купюраларының қиындыларымен қосылып жасалады. Арнайы осы мақсатта тіс дәрігері Мейвезер дайындық жүргізіп жатқан Лас-Вегас қаласына бірнеше рет ұшып барған.

Айта кетейік, Мэнни Пакьяомен жекпе-жекке дайындық жүргізіп жатқан америкалық боксшы қаражатын аяп жатқан жоқ. Мәселен кіші Флойд Мейвезер жеке аспазының әр дайындаған тамағына мың доллардан төлеп жүр. 

Еске салайық, жартылай орта салмақта WBA, WBC және WBO титулдарына талас жекпе-жек 2 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Сарапшылардың болжамы бойынша, бұл кездесу бокс тарихында ең көп қаржы жинайтын жұдырықтасу болмақшы. Ал Мейвезер бұл жекпе-жекке шыққаны үшін 120 миллион доллар алады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети