15 шілде 2016 11:01

Кіші Юбенк Головкин - Брук кездесуінің андеркартында шығуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fightnews.info © fightnews.info

Кіші Юбенк Головкин - Брук кездесуінің андеркартында шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ағылшын боксшысы Головкинмен өзі-ақ шығуына болар еді, алайда ол шектен тыс талаптар қойған. 


Кіші Юбенк Головкин - Брук кездесуінің андеркартында шығуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ағылшын боксшысы Головкинмен өзі-ақ шығуына болар еді, алайда ол шектен тыс талаптар қойған. 

Boxingnews24.com басылымының мәліметіне сүйенсек, бұл туралы Юбенктің және Головкиннің қазіргі қарсыласы Келл Бруктің промоутері Эдди Хирн хабарлады. Алайда оның қарсыласы жайлы мәлімет жоқ.

"Кіші Юбенк андеркартта жұдырықтасуы мүмкін, - дейді Хирн Головкин мен Бруктің Нью-Йоркте өткен баспасөз конференциясында. - Сосын ол Головкин - Брук кездесуінің жеңімпазымен кездесуі мүмкін. Оны болашақта үлкен мансап күтіп тұр.

Еске сала кетейік, Головкин - Юбенк жекпе-жегі екі тараптың келісе алмауына байланысты өтпей қалды. Юбенктің орнына Хирн GGG командасына Брукпен кездесуді ұсынды. Олардың жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында өтеді. Баспасөз конференциясы барысында, Головкин мен Брук көз арбасты. Басылымның тілшілерінің айтуынша, боксшылар қарама-қарсы тұрған кезде Бруктің Головкинмен шамалас екендігін көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети