08 маусым 2018 13:53

"Қыз ба, жігіт пе?" Қазақ қызы мен вьетнамдық боксшының жекпе-жегінің видеосы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tenrinews.kz тілшісі қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызы мен вьетнамдық боксшының Азия чемпионатының финалындағы жекпе-жегінің видеосын ұсынады. Таяуда отандасымыздың қарсыласы жігіт болып шықты деген ақпарат тараған еді.

Жұп 57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан. Вьетнам боксшысының аты-жөні Do Hong NGoc екен. 

Айта кетейік, Таиландтағы турнир сәуірде өткен. ШҚО-дан барған қыз финалда вьетнамдыққа жол берген. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін оның жігіт екені анықталды. 

"Жұдырықтасу әдісі мен дауысы жігітке ұқсаған", - дейді қазақстандық спортшының жаттықтырушысы Арман Тыныбаев.

Оның айтуынша, жарыс аяқталғаннан кейін Халықаралық бокс ассоциациясы спортшыдан ДНҚ тест тапсыруын талап еткен. Осылайша шындықтың беті ашылған. Екі аптадан кейін ол шеттетілген. 

Қазақстан бокс федерациясы ендігі кезекте Азия бокс федерациясынан Еркежанға Азия чемпионатының алтын медалін беруді және Аргентинада өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатыстыруды сұрап, өтініш жазады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети