03 қазан 2018 09:06

Том Леффлер Головкинді бокстан кетуге мәжбүрлейтін себепті айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұзақ жылдар бойы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізіп келе жатқан промоутер Том Леффлер BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың бокстан кетуіне не себеп бола алатынын айтты, - деп жазады Vesti.kz.


Ұзақ жылдар бойы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізіп келе жатқан промоутер Том Леффлер BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандықтың бокстан кетуіне не себеп бола алатынын айтты, - деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық 35 жастағы спортшы соңғы рет 15 қыркүйек Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңілген еді.

Осылайша, Головкин WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. Қарымтадан кейін екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеген еді. Ал GGG командасы мексикалықпен қарымта биылға соңғы жекпе-жек екенін айтып отыр. Қазақстандық рингке тек келесі жылы көктемде оралады.

"Басынан-ақ ешқандай уақыт шектеуі болған жоқ. Геннадий спортпен айналысуға зауқы соқпай, қызығы жоғалғанда ғана кететін боксшы. Талқылайтын әңгіме оның жасы емес, Альвареспен жекпе-жектегі төрешілердің әділсіздігі. Өйткені ол екі рет те жеңген. Төрешілердің жазғаны рингте болып жатқанды үнемі анық жеткізе бермейді. Бірақ бұл бөлек әңгіме. Әзірге Геннадий көңіл көтеріп, жақсы жекпе-жектерге шақырулар барын байқап жүр, ал оның танымалдығы бұрынғыдан жоғары. Жанкүйерлер оның қарымтада жеңді деп біледі және ол чемпион болып қалуы керек деп есептейді. Біз Беверли Хиллстағы демеушілердің біріне келген едік, сурет пен қолтаңба сұраған табынушылары қоршап алғандықтан, көшенің арғы бетіне өте алмадық. Жалпы Алвареспен қарымтадан кейін ол әйгілі бола түсті", - дейді Леффлер.

Сонымен бірге, Головкин "Канеломен" жұдырықтасуды сұрап, WBC арқылы бұған қалайда қол жеткізбек екені хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети