20 ақпан 2018 15:38

Лемье Головкин - Альварес бокс кешінің андеркартында жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Лемье. © allboxing.ru Давид Лемье. © allboxing.ru

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының құрылтайшысы Оскар Де Ла Хойя канадалық Давид Лемьенің (38-4, 33 КО) 5 мамырда Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтетін жекпе-жектің андеркартында шаршы алаңға шығуына қызығушылық танытып отыр, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирннің (Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы) айтуынша, Лемье ирландиялық боксшы Гэри О'Салливанмен (27-2, 19 КО) кездесуі мүмкін.

Хирннің ойынша, Golden Boy менеджерлері О'Салливан мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасында өтуі тиіс жекпе-жекті кейінге қалдыруының негізгі себебі осы болса керек.

Matchroom Boxing басшысы GBP компаниясының Лемьені қайтадан көтеруді жоспарлап отыр деген ойға келген. 2017 жылы желтоқсанда канадалық боксшы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстен (26-0, 12 КО) оңбай ұтылған еді.

Айта кетейік, егер Лемье ирландиялық боксшыны таза жеңетін болса, онда ол күзде Альвареспен жұдырықтасатындардың тізімінде көш бастауы анық. Лемье де Golden Boy Promotions компаниясының атынан шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети