11 желтоқсан 2017 10:50

Лемьені жеңе алмасам, Головкин мен "Канелоға" қарсылас болуға лайық емеспін - Сондерс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter © Twitter

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) The Sunday Telegraph басылымына берген сұхбатында осы салмақтағы  WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) немесе мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізуге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 16 желтоқсанда Канадада 2015 жылы Головкиннен мезгілінен бұрын жеңілген  экс-чемпион Давид Лемьемен (38-3, 33 KO) кездесу өткізеді. 

"Головкин мен "Канелоның" менен қорықпайтынын білемін, бірақ мен бұл кездесудің олар үшін де қауіпті болатынын айтқым келеді. Мен олардың не ойлап отырғандарын білемн. Олар үлкен қаражат үшін кездесу өткізді. Оларды бұл үшін кінәламаймын да. Бірақ мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді. Лемье мықты боксшы. Оны жеңе алмасам, меніңше, мен Головкин мен "Канеломен" рингке шығуға лайықты емеспін", - деді ұлыбританиялық  боксшы.

Сондай-ақ, Билли Джо Сондерс жекпе-жек өткізіуге дайын екенін және керек болса, ертең-ақ кездесу өткізуге дайын екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети