19 қазан 2015 10:28

Лемьенің бапкері төрешінің біліксіздігін айтып, шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемьенің бапкері (34-3, 31 KO) Марк Рэмзи WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жек кезінде төреші Стив Уиллистің жасаған әрекеттеріне көңілінің толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Давид Лемьенің бапкері (34-3, 31 KO) Марк Рэмзи WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жек кезінде төреші Стив Уиллистің жасаған әрекеттеріне көңілінің толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бесінші раундта Лемье бүйрегіне соққы жіберіп алады, бұдан кейін ол тізерлеп отырады. Сол уақытта Головкин қарсыласының жағынан соққы жасайды. Осы сәтке байланысты 1997 жылы осыған ұқсас оқиғадан дисквалификация алып қалған Рой Джонс HBO телеарнасында кездесуде комментатор болып отырған кезінде атап өткен еді. 

"Рефери шын мәнінде бұл соққыға назар аудармады. Меніңше, бұл соққыны бәрі көрді. Соққы Лемье тізерлеген кезде жасалды және рефери ескерту де айтқан жоқ. Соққысы жағына тиді", - деп келтіреді бапкердің сөзін BoxingScene.com.

"Осы уақыттан бастап мен Давидтен бастапқы энергияны сезбедім. Бұл кездесуде Давид жеңеді деп ойламаған едім. Головкин жеңіске лайықты түрде жетті, бірақ төреші бұл сәтті назардан тыс қалдырды. Бұл біліксіздік және өте қауіпті. Бұл төрешімен болып отырған екінші проблемамыз. Габриэль Росадоға қарсы жекпе-жекте Давидтің желкесіне брейктен кейін соққы жасалды, бұдан кейін де ештеңе болмады", - дейді Рэмзи. 

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды. Бұл - 33 жастағы қазақстандықтың 34-ші жеңісі. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды және қарсыласының IBF титулын алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети