22 желтоқсан 2019 16:59

МакГрегор-Серроне жекпе-жегінің билеттері бір күнде сатылып кетті

© РИА Новости © РИА Новости

МакГрегор-Серроне жекпе-жегінің билеттері бір күнде сатылып кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


МакГрегор-Серроне жекпе-жегінің билеттері бір күнде сатылып кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

19 қаңтарда өтетін UFC 246 турнирінің билеттері аз уақытта сатылып кеткені жайлы ақпаратты Yahoo Sports журналисі Кевин Айол Twitter желісіндегі парақшасында хабарлаған.

"Дэйн Уайттың сөзінше, UFC 246 билеттерін бірінші күні сатылып кеткен. Барлығы 9 миллион доллар жиналған", - дейді журналист жазбасында.  

Стандарт билеттердің бағасы 200-1500 доллар болған. T-Mobile Arena ресми сайтының мәліметінше, билеттер әлі сатылымда бар, бірақ 1000-3750 доллар аралығындағы премиум-билеттер қалған. 

Айта кетейік, билет құны бойынша бұған дейінгі рекорд UFC 205 турниріне тиесілі. Ол кезде барлығы 17,7 миллион жиналған. Одан кейінгі орында UFC 229 турнирі. Хабиб Нурмагомедов пен МакГрегор шайқасқан ұрыста барлығы 17,2 миллион жиналған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети