12 мамыр 2014 15:43

Мамыр айында бокстан ҚР ұлттық құрамасы бірнеше халықаралық турнирге қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vk.com/kazboxing Фото vk.com/kazboxing

Мамыр айында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бірқатар халықаралық турнирлерге қатысады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мамыр айында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы бірқатар халықаралық турнирлерге қатысады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамыр айында өтетін халықаралық жарыстарға ұлттық құраманың үш тобы аттанып, ел намысын қорғайтын болады. Ресейдің Хабаровск аймағында мамырдың 13-18 күндері өтетін Кеңес Одағының батыры Константин Коротков атындағы турнирге ұлттық құраманы бас бапкер Мырзағали Айтжановтың өзі бастап барады. Бұл сында 49 келіде Жомарт Ержан (ҚРЧ финалисі, 2013), 52 келі - Әділет Құрметов (ҚР чемпионы, 2013), 56 келі - Ержан Ордабаев (ҚР чемпионы, 2013), 60 келі - Дархан Жұмсақбаев (ҚРЧ-2013 финалисі), 64 келі - Айдар Әмірзақов (Азия чемпионы, 2011), 69 келі - Сағадат Рахманқұлов (ҚР чемпионы, 2013), 75 келі - Жәнібек Әлімханұлы (әлем чемпионы, 2013), 81 келі - Дәурен Елеусінов (ҚРЧ финалисі, 2013), 91 келі - Антон Пинчук (ҚР чемпионы, 2013), + 91 келі - Нұржан Бекзатов (ҚРЧ финалисі, 2013) ел намысын қорғайтын болады.

Хабапровскіде өтетін халықаралық турнирге Қазақстаннан бөлек, Ресей, Әзербайжан, Армения, Венгрия, Германия, Үндістан, Қытай, Латвия, Молдова, Польша, Белоруссия, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Тайланд, Өзбекстан, Украина, Филиппин және Франция құрамалары қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Ұлттық құраманың бес боксшысы 15-19 мамыр күндері Албанияның Шкодер қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады. Бұл сында Біржан Жақыпов (49 келі), Ерлан Тәменов (52 келі), Жанболат Тілегенұлы (56 келі), Алмасбек Шымбергенов (64 келі), Алексей Севостьянов (91 келі) өнер көрсетіп, оларды аға бапкер Александр Стрельников бастап бармақ.
 
Мамыр айының соңы Галле турнирімен аяқталмақшы. 26 мамыр мен 1 маусым күндері аралығында Германияның Галле қаласында кезекті рет халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. "Кіші әлем чемпионатына" баланатын бұл сында ұлттық құраманың №1 боксшылары бақ сынайды. Теміртас Жүсіпов (49 келі), Ілияс Сүлейменов (52 келі),  Берік Әбдірахманов (60 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Рустам Сваев (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) Еуропа төріндегі дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Галле турнирінде сынға түседі.

Бұл айда Қазақстанда тағы бір үлкен турнирдің жалауы көтеріледі. Жиырмадан астам елдің боксшылары бақ сынайтын турнир Серік Қонақбаевтың жүлдесіне ұйымдастырылмақшы. КСРО спорт шебері, екі дүркін Еуропа чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Керімбекұлы атындағы турнир Павлодар қаласында 13-17 мамыр күндері аралығында өткізіледі. Айта кететіні, турнирдің құрметті қонағы ретінде тұңғыш қазақстандық әлем чемпионы Валерий Рачков келеді деп күтіліп отыр.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети