Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19 Қараша 2018, 12:11
0
Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті -

Түбекте тұңғыш рет ұйымдастырылған бокстан ерлер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Есімдері елге таныс боксшылардың  шаршы алаңдағы шеберлігіне куә болып, екінің біріне бұйыра бермейтін турнирді өз көзімен тамашалаған жергілікті халықтың қуанышында шек жоқ. Жеті күн бойы Маңғыстау Арена  кешені көрерменге лық толып, жастардың рухын жігерлендірген жарыс болғаны анық.

Турнир қорытындысы бойынша, командалық есепте бірінші орынды 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен Түркістан облысы, екінші орынды  бір алтын, үш күміс және төрт қола медальмен Маңғыстау, ал үшінші орынды Жамбыл облысы 1 алтын, 2 күміс және үш қола медальмен қорытындылады.

Айтулы шараға еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаладан барлығы 206 спортшы қатысты. Қатысушылардың қатарында әлемдік ареналарда топ жарып жүрген Қайрат Ералиев, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Бекдәулет Ибрагимов, Абылайхан Жүсіпов, Теміртас Жүсіпов, Ильяс Сүлейменов, Ерік Әлжанов, ағайынды Төлтаевтар бар. Жүзден жүйрік шыққандар келер жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарында бақ сынайды.

Жабылу салтанатын сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов турнирдің жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, қолдау көрсеткен Қазақстан Бокс Федерациясының басшылығына алғысын айтып,  жарыстың құрметті қонағы Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Бауыржан Оспанов, Мырзағали Айтжанов, Марат Мәзімбаев, Мерей Ақшалов, Біржан Жақып, Нұржан Кәрімжановқа Маңғыстау халқының атынан ризашылығын білдірді.

"Спорт саласы қашан да елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының басты назарында. Тіпті халыққа арнаған әр жолдауында да отандық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық бере отырып, алдымызға нақты тапсырмалар қойған болатын. Себебі бүгінгі жас спортшылар - ертеңгі елдің мықты азаматтары мен ел мерейін асқақтататын чемпиондар. Тынымсыз тер төгіп, аянбай еңбек еткен еліміздің спортшыларының туған еліміздің даңқын асырып, жаңа биіктерді бағындыра берулеріңе шын жүректен тілектеспін", - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, салтанатты шарада екі бірдей Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Әділбек Ниязымбетов үлкен спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

Көпшілік алдында боксшымызға құрмет көрсетіліп, халық зор қошеметпен шығарып салды. Әділбек бауырымыздың отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан зор. Екі бірдей Олимпиаданың жүлдегері атану кез келген спортшының қолынан келмейді. Сондықтан Әділбек алдағы уақытта тек жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз және спорттық ғұмырындағы тәжірибесін өскелең ұрпаққа, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне бағыттайтынына еш күмәніміз жоқ деді, облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Маңғыстаудың тағы бір батыр ұлы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, бірнеше дүркін ел чемпионы Берік Абдрахманов та былғары қолғабын шегеге іліп, шаршы алаңдағы орнын кейінгі жастарға аманаттады. Алдағы жоспары "шәкірт тәрбиелеп, Маңғыстау бокс мектебінің дамуына өз үлесімді қоссам" дейді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай